
20.06.2025 | 11:10
Бөлісу:
САДАҚ АТУ: ҚАЗАҚСТАН АЗИЯ КУБОГЫНДА ТАҒЫ АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Қазақстан құрамасының қоржынына Сингапурдағы садақ атудан Азия кубогында 2-алтын жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Құралмалы садақпен (Compound bow) атуда Қазақстан ерлер командасы финалда үндістандық спортшыларды жеңді. Есеп: 235-231. Ел намысын Андрей Тютюн, Мұса Ділмұхамет пен Буниед Мирзаметов қорғады.
Осымен Азия кубогының 2-кезеңі аяқталды. Ұлттық құрама бәсекеде 2 алтын, 1 қола медаль иеленді.
Алтын – Қазақстан ерлер құрамасы
Алтын – Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн (микст);
Қола – Қазақстан әйелдер құрамасы (Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова);
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық


САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ