19.04.2026 | 23:37

СЕМСЕРЛЕСУШІ ЕРЛІК СЕРТАЙ БУДАПЕШТТЕГІ ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНІҢ ФИНАЛЫНДА

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан семсерлесуден сапы сайысы бойынша Гран-при турнирінде қазақстандық Ерлік Сертай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз жарысты сенімді бастап, топтық кезеңде 6 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, ақтық сынға өтті.

Жекелей кездесулерде ол 1/32 финалда Оңтүстік Корея өкілі Нам Ёнхоны 15:6 есебімен жеңсе, 1/16 айналымда мажарстандық Левенте Бутаны 13:12 есебімен тізе бүктірді. 1/8 кезеңде командалық бәсекеде Париж Олимпиадасының чемпионы Гергей Шиклошиді 15:12 есебімен жеңді. Ширек финалда чехиялық, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының командалық қола жүлдегері Якуб Юркадан 15:9 есебімен басым түсті. Ал жартылай финалда швейцариялық Айан Хауриді 15:12 есебімен ұтып, финалға шықты

Енді Ерлік алтын үшін мажарстандық Давид Надьпен айқасады.

Аталған жарысқа 49 елден 352 ер және 282 әйел атлет қатысуда. Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде толық құраммен өнер көрсетіп жатыр.

Ерлер құрамында: Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай, Кирилл Павлов, Александр Федотов, Никита Жулинский өнер көрсетуде.

Бас бапкер – Алексей Писцов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес