13.11.2024 | 15:18

ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 9 АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛДЫ

8-10 қараша аралығында Таиланд астанасы Бангкокта ерлер мен әйелдер арасында шинкиокушинкай каратэден 19-шы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Оған 22 елдің командасы қатысты. Каратэ шинкиокушинкайдан Қазақстан ұлттық құрамасы барлық 10 салмақта спортшы апарды. Нәтижесінде 9 алтын, 1 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасына 2025 жылы Жапония астанасы Токио қаласында өтетін әлем чемпионатының 10 лицензиясына иелік етті.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы топ жарса, 2-орында Қытай құрамасы, 3-орынды Сингапур командасы иеленді.

Әйелдер, -50 кг:

1-орын Аиназ Машенова (лицензия)

3-орын Елена Анишенко

-54 кг:

2-орын Нұргүл Сапарова (лицензия)

3-орын Сәния Қалиахметова

-59 кг:

1-орын Зере Каримова (лицензия)

3-орын Аэлита Рябчук

-65 кг:

1-орын Эльнара Тоғызбаева (лицензия)

+65 кг:

1-орын Алина Осипенко (лицензия)

3-орын Валерия Крестина

Ерлер, -60 кг:

1-орын Ерхан Дузбаев (лицензия)

3-орын Евгений Васетцкии

-70 кг:

1-орын Еламан Мұқашев (лицензия)

3-орын Никита Анисимов

-80 кг:

1-орын, Антон Зимарев (лицензия)

3-орын, Назар Кавазов

-90 кг:

1-орын, Анджей Кинзерский (лицензия)

+90 кг:

1-орын Владимир Артюшин (лицензия)

3-орын Рустам Авзалов

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес