16.02.2025 | 21:41

ШОРТ-ТРЕКТЕН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ ӘЛЕМДІК ТУРДА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Бүгін Италияның Милан қаласында шорт-тректен Әлемдік турдың кезекті кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Эстафетада (5000 метр) Kazakh Nomads командасы мәреге Италия мен Канада командасынан кейін келді. Финалда жарыс жолына Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев пен Глеб Ивченко шықты.

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес