06.12.2022 | invalid

Софья Берульцева... Каратэден Азия чемпионатында тағы кімге жанкүйер боламыз?

16-20 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында WKF каратэден ересектер арасында 18-ші, жастар мен кадеттер арасындағы 20-шы және паракаратэден алғашқы Азия чемпионаты өтеді. Ұлттық құрама намысын қорғайтын каратэшілер:

Әйелдер – Софья Берульцева (+68 кг), Лаура Әліқұл (-68 кг), Әсел Қанай (-61 кг), Әсемгүл Ердәулет (-55 кг), Диана Алиманова (-50 кг).

Ерлер – Диас Ұлбек, Бейбарыс Жаңбыр, Нұрнияз Елдашов (+84 кг), Дидар Әмірәлі (-67 кг), Қайсар Алпысбай (-60 кг), Низамиддин Қалматов (-55 кг), Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг), Данияр Юлдашев, Игорь Чихмарев.

Қазақстан құрамасы тек кумите бағдарламасында бақ сынайтынын айта кетейік. Ката сынында қазақстандықтар татамиге шықпайды.

Былтырғы сары құрлық бәсекесі Алматы қаласында өтіп, онда жалпы есепте 49 жүлдемен Иран құрамасы топ жарған. Одан кейін Қазақстан мен Жапония каратэшілері үздік үштікті түйіндеген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес