16.05.2025 | 10:01

ТАҒЫ БІР БОКСШЫМЫЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНДА

Бокстан 22 жасқа дейінгі санатта Шри-Ланка астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жасурбек Анорбаев ширек финалда сүрінбеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз (-57 кг) жарыс қожайынын 3 рет есеңгіретіп, мерзімінен бұрын басым түсті. Анорбаевтың келесі қарсыласы - Непал боксшысы.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес