03.08.2024 | 21:16

ТАРИХИ СӘТ! НАРИМАН КУРБАНОВ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Нариман Курбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз ақтық сында 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.

Алтын Рис Маккленаганның (Ирландия) еншісінде. Қазір Қазақстан делегациясында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.

Суреттер: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес