14.06.2024 | 18:21
Бөлісу:
ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖАСАҒАН, ДИАЛИЗ ЕМІНЕ ЖҮГІНЕТІН ПАЦИЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС АЯҚТАЛДЫ
Бүгін Астана қаласында трансплантация жасаған азаматтар мен диализ еміне жүгінетін пациенттер арасындағы V республикалық жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Дәстүрлі турнир «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде, «Сарыарқа» велотрегінде және бірқатар нысанда бес күн бойы өтті. Биыл 12 өңірден барлығы 130 спортшы жиналып, волейбол, дартс, үстел теннисі, жүзу мен боулингтен сынға түсті.
Жарыс нәтижесі мынадай:
Жүзу:
1. Астана қаласы
2. Қызылорда облысы
3. Атырау облысы
Боулинг:
1. Астана қаласы
2. Атырау облысы
3. Маңғыстау облысы
Дартс:
1. Түркістан облысы
2. Астана қаласы
3. Алматы облысы
Үстел теннисі:
1. Ақтөбе облысы
2. Түркістан облысы
3. Астана қаласы
Волейбол:
1. Қызылорда облысы
2. Шымкент қаласы
3. Түркістан облысы
Жалпы есеп:
1. Астана қаласы
2. Түркістан облысы
3. Ақтөбе облысы
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықCHAMPIONDAR LIGALARY: 2-КҮННІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ULY DALA JARYSY-2024 ЖАРЫСЫ ӨТТІ
ӘДІЛЕТ ҚАЛМАҒАМБЕТОВ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН 3 ДҮРКІН ЧЕМПИОН АТАНДЫ