15.01.2025 | 20:27

УНИВЕРСИАДА: АНАСТАСИЯ ГОРОДКО ҚОРЖЫНҒА ТАҒЫ БІР АЛТЫН МЕДАЛЬ САЛДЫ

Бүгін Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиаданың 2 дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол параллель могулдың финалында командаласы Аяулым Әмренованы басып озды. Осыған дейін бір қысқы Универсиадада фристайлдан 2 алтын алған спортшыларымыз мыналар: Дмитрий Рейхерд (2017) пен Юлия Галышева (2017).

Сондай-ақ бүгін ерлер арасында Антон Бондарев финалға сүрінбей жеткен. Ақтық сында қарсыласына есе жіберді. Қазір Қазақстан студенттерінің еншісінде 2 алтын, 2 күміс жүлде бар. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес