16.01.2023 | invalid

Универсиада: Хоккейден Қазақстан құрамасы Ұлыбританияны ірі есеппен жеңді

Кларксон университеті. «Чил Арена»

Бүгін Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 3-ойында жеңіске жеңіске жетті. Ғалым Мәмбетәлиев баптайтын құрама Ұлыбританияға еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп: 15-1. Алғашқы айналымда қазақстандық студенттер 6-1 есебімен жеңді. Сосын, қалған екі айналымда жауапсыз 9 голды торда тулатты.

В тобына түскен еліміздің студенттер құрамасы енді 17 қаңтарда Словакия, 18 қаңтарда АҚШ құрамасымен ойнайды. Осыған дейін Ұлттық құрама Оңтүстік Корея мен Мажарстанды ұтқан.

XXX қысқы Универсиада 22 қаңтарда мәресіне жетеді. Оған дейін 600 университететтің студенттері 12 спорт түрінен 86 медаль жиынтығын сарапқа салмақ. Осы уақытқа шейін студенттер аламанында мұнша жүлде жиынтығы үлестірлмеген. Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 алтын медальмен Эстония екеуі 9-сатыда тұр. Жалғыз жүлдені биатлоншы Вадим Куралес жеңіп алды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес