
11.03.2025 | 19:52
Бөлісу:
VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДА: ТАУ ШАҢҒЫСЫНАН АЛҒАШҚЫ ЧЕМПИОНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін Риддер қаласында тау шаңғысынан ҚР-ның VI қысқы Спартакиадасы басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Алғашқы жарыс күні күн райының қолайсыздығына қарамастан еліміздің үздік спортшылары слалом дисциплинасында кім мықтыны анықтады.
Әйелдер арасында Александра Скороходова (Алматы қаласы) чемпион атанды. Одан кейінгі сатыға Мария Шкабарова (Алматы қаласы) мен Яна Мелинг (ШҚО) жайғасты.
Ал ерлер арасында кәсіби спорттан кеткеніне біраз болған, VII қысқы Азия ойындарының жеңімпазы Игорь Закурдаев (ШҚО) топ жарды. Күміс Ұлттық құрама спортшысы Ростислав Хохловқа (Алматы қаласы), қола Захар Кучиннің (ШҚО) еншісінде.
Айта кетейік, тау шаңғысынан жарыс 16 наурызда мәресіне жетеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: