25.10.2024 | 14:51
Бөлісу:
ЗЕЙНЕП БАЯНОВА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ
Тирана қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында (U23) тағы бір палуанымыз қола медаль үшін күресу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Зейнеп Баянова (53 кг) жұбаныш кезеңінде швециялық Эллен Ингер Кристина Остманды айқын басымдықпен жеңді. Енді Зейнеп кешке 23 жастағы моңғолиялық Отгонтуя Чинболдпен күш сынасады. Финалдар кешке астана уақытымен 21:00-де басталады.
Айта кетейік, Баянова – биылғы Азия чемпионатының (U23) қола жүлдегері, ал 2 жыл бұрын 20 жасқа дейінгі санаттағы сары құрлық додасында финалға шыққан.
Өкінішке қарай, бағана жұбаныш белдесуінде Тыныс Дүбек (62 кг) пен Анастасия Панасович (72 кг) қарсыласына жол берді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ