01.11.2024 | 03:04
Бөлісу:
ЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА: «КҮМІС МЕДАЛЬҒА ДА ЖЕТУ ОҢАЙ БОЛМАДЫ»
Күрес түрлерінен Тиранада (Албания) өткен олимпиадалық емес салмақ бойынша әлем чемпионатында 72 кг салмақта күміс жүлдеге ие болған Жәмила Бақбергенова Астана әуежайында жарыс жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
«Лицензиялық турнирлерден кейін, бас бапкеріміз өзімізбен жұмыс жасауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде кезекті жүлдемді алдым. Барлық қарсыластарыммен алғаш рет белдестім. Себебі, олардың біршамасы 68 келіден көтерілді. Финалда бапкерімнің нұсқауымен жапон спортшысын күтуім керек еді. Ұпай жағынан алда тұрғанымен, бір ғана қателіктің кесірінен есе жіберіп қойдым. Күміс медальға да жету оңай болмады. Енді әскерилер арасындағы әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалатын боламын. Жалпы өзімді 72 келіде қолайлы сезінемін. Бойым да, дене бітімім де осы салмаққа сай», - деді Жәмила Бақбергенова.
Айта кетейік, бұл әлем чемпионатында жерлестеріміз 1 алтын, 2 күміс медальді еншіледі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚАЗАҚСТАН САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ҮЗДІК КӨРСЕТКІШПЕН АЯҚТАДЫ