08.11.2023 | 09:33

Ұлттық құрама Азия чемпионатында 3-орында келе жатыр

Алматыдағы WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазір Қазақстан құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 8 қола медальмен жалпы есепте 3-орында келе жатыр. Барлығы 15 медаль. Бірінші орында Жапония (10 алтын, 4 күміс, 3 қола), одан кейін Иран (4 алтын, 4 күміс, 10 қола) тұр. Назарларыңызға бүгін жеңімпаз және жүлдегер атанған қазақстандық спортшылардың тізімін ұсынамыз:

Алтын, жасөспірімдер (кумите)

Әлихан Қадырғали (76 кг)

Елнұр Төребек (55 кг)

Күміс, ката U21:

Владлена Сигалова

Қола, кумите (жасөспірімдер):

Әлішер Тайжан (76+ кг)

Әсел Сағидулла (48 кг)

Айшабибі Шарахан (53 кг)

Лаура Сағынбек (66 кг)

Асылай Савидолла (66+ кг).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес