14.06.2023 | 15:08

Ұлттық құрама Азия чемпионатында алғашқы медальге қол жеткізді

Бүгін Малайзияның Нилай қаласында велотректен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды. Бəсекенің алғашқы күні Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді. Жапония құрамасы биыл да чемпион атанса, күміс жүлде Қытайдың еншісінде.

Жарыс жолына бізден Əлішер Жұмахан, Артём Захаров, Дмитрий Носков пен Рамис Дінмұхамедов шықты. Олар 4 шақырымды 4:00.4 секундта жүріп өтті.

Сары құрлық додасына биыл 30 елдің үздіктері жиналды. Қазақстандықтар саны 14. Тура 2018 жылы Нилайдағы осы ұлттық велодромда құрлық чемпионаты өтіп, оған 22 мемлекет өз спортшысын жіберген. Малайзиядағы жарыста Париж Олимпиадасы жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлар үлестіріледі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес