11.02.2024 | 12:40
Бөлісу:
Ұлттық құрама командалық сында қос жүлдеге қол жеткізді
Жапонияның Хатинохе қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Командалық спринтте Нидерланд құрамасы (1:29.60) топ жарса, Ұлттық құрама күміс жүлдеге (1:31.28) ие болды. Үздік үштікті Канада (1:32.66) түйіндеді. Бұл сында ел намасын Алина Шумекова, Дарья Гаврилова, Кристина Шумекова қорғады.
Ал командалық жарыста Алина Шумекова, Мария Деген мен Кристина Шумекова үштігі Жапония мен Нидерланд командасынан кейінгі сатыға тұрақтап, қола жүлдегер атанды.
Әлем чемпионатында 19 елден 100-ге жуық спортшы қатысып, 500, 1 000, 1 500, 3 000, 5 000, масс-старт, командалық сайыстарда жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: