19.02.2024 | 22:55
Бөлісу:
Ұлттық құрама Тегеранда 12 медаль жеңіп алды
Бүгін Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биылғы бәсекеде Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс пен 6 қола жүлдеге қол жеткізді.
Шешуші жарыс күні эстафетада (4*400 м) еліміздің ерлер (Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Ефим Тарасов, Вячеслав Земс) және әйелдер құрамасы (Аделина Земс, Анна Шумило, Мария Шувалова, Кристина Кондрашова) топ жарды. Оның алдында Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) мен Давид Ефремов (60 м кедергілер арқылы жүгіру) чемпион атанды.
Күміс жүлдегерлер: Иван Иванов (ядро лақтыру), Ольга Сафронова (60 м жүгіру);
Қола жүлдегерлер: Аяна Болатбекқызы (1500 м жүгіру), Мария Ефремова (3 қарғып секіру), Ақбаян Мұрмәмет (800 м жүгіру), Алина Чистякова (көпсайыс) Эфим Тарасов (400 метр жүгіру), Максим Фроловский (3000 метрге жүгіру);
Максим Фроловский 3 мың метрге жүгіруде мәреге 5-болып келген. Алайда алдыңғы 2 адам ереже бұзғандықтан қола медаль қазақстандық атлетке берілді. Сондай-ақ Максим 23 жасқа дейінгі санатта Қазақстан рекордын тіркеді (8:17.17).
Тегеранда барлығы 29 қазақстандық атлет ел намысын қорғады.
Былтыр жабық кешендегі Азия чемпионаты Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өткен. Ол кезде Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпы есепте 2-орын алған.
Суреттер Иран жеңіл атлетика федерациясынан алынды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ
ПАРИЖ-2024: ДАВИД ЕФРЕМОВ ФАЛЬСТАРТ ЖАСАДЫ