10.10.2024 | 09:34
Бөлісу:
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ: 50 ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАЙТАЛАНҒАН СИРЕК ЖАЙТ
Үстел теннисінен Астана қаласында өтіп жатқан 27-ші Азия чемпионатында ерекше жағдай тіркелді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасындағы командалық бәсекеде Жапония командасы басты фаворит саналған Қытайды 3-1 есебімен жеңіп кетті. Қытай мен Жапония құрамасы Париж Олимпиадасы мен былтыр жазғы Азия ойындарының финалында да кездесіп, екеуінде Қытай құрамасы чемпион атанған.
БҰЛ ОҚИҒА НЕГЕ ЕРЕКШЕ?
Жапония бұған дейін Қытаймен финалда 6 мәрте жолығып, тек екінші мәрте ғана жеңе алды (1974 жыл, 2024 жыл).
Жапония өз тарихында 3 рет қана Азия чемпионатында (1974, 2021, 2024) топ жарды. 2021 жылы Қытай пандемияға байланысты қатыспады.
Қытай бұған дейін финалда сонау 1992 жылы ғана Гонгконгтан жеңілген. Міне енді араға 32 жылдан кейін тағы да күміс жүлде алды. Қытай бұған дейін ең төменгі қола жүлдені 2005 жылы алған.
Командалық сайыс бойынша чемпиондар:
Қытай – 19
Жапония – 3
Оңтүстік Корея – 2
Гонконг – 2
Солтүстік Корея – 1
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: