28.09.2024 | 23:48
Бөлісу:
ҮСТЕЛ ТЕННИСІ: АБДУЛЛА МАМАЙ МЕН САРВИНОЗ МИРКАДИРОВА БАТУМИДЕ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Бүгін Грузияның Батуми қаласында үстел теннисінен «WTT Youth Contender» санатындағы халықаралық турнирдің шешуші күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандастарымыз Абдулла Мамай мен Сарвиноз Миркадирова жұбы 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы финалда қарсыласы – Даниил Виторский және Анастасия Фроловадан (Беларусь) 3-1 есебімен басым түсті.
Қазақстан теннисшілері барлығы 44 ұпай жинаса, қарсыласта 34.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: