04.05.2026 | 20:33

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ КОМАНДАЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕҢ ҮЗДІК КӨРСЕТКІШІН ТІРКЕДІ

Үстел теннисінен 28 сәуір мен 10 мамыр аралығында 64 мемлекеттің қатысуымен Лондонда өтіп жатқан командалық әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы 1/8 финалға өтті.

Отандастарымыз 1/8 финалда Испанияны 3:1 есебімен жеңді. Қазақстан сапынан Алан Құрманғалиев, Кирилл Герасименко қарсыластарынан басым түсті. Енді олар 6 мамыр күні Париж Олимпиадасының жартылай финалисі Жапониямен күш сынасады.

Топтық кезеңдегі көрсеткішіміз:

Қазақстан – Түркия 3:1

Қазақстан – Египет 3:2

Қазақстан – Таиланд 3:1

Қазақстан атынан сынға түсіп жатқандар:

Кирилл Герасименко – 8 жеңіс

Алан Құрманғалиев – 3 жеңіс, 2 жеңіліс

Айдос Кенжеғұлов – 1 жеңіс, 1 жеңіліс

Искендер Харки – 1 жеңіліс

Санжар Жұбанов – 1 жеңіліс

Бұған дейінгі көрсеткіштеріміз:

2024 жыл – алғаш рет плей-оффқа шығып, 1/16 финалда Үндістанға 2:3 есебімен жол берді.

2022 жыл – топтық кезеңде 4-орынмен аяқтады. Әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасынан 3:0 есебімен басым түсіп, бірінші рет жеңіске қол жеткізді.

2018 жыл — 2 дивизион

2016 жыл — 3 дивизион

2014 жыл — 3 дивизион

2012 жыл — 4 дивизион

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес