![](/img/news/2a7dd96a26dcb732c2d44aabcf551b83.jpeg)
18.03.2023 | 18:31
Бөлісу:
Ұлттық құрама Малайзиядағы турнирде 3-рет жеңіске жетті
Малайзияның шығысындағы Сандакан қаласында 7 адам ойнайтын регбиден дәстүрлі Borneo7s халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бүгін, бәсекенің 2-күні еліміздің әйелдер құрамасы Аустралияның Briars клубын 24:0 есебімен, сосын, Үндістан құрамасын 29:5 есебімен жеңді.
Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы В тобындағы алғашқы матчта Малайзияның Labuan Wipers командасын ойсырата (52:0) ұтты. Отандастарымыз топтағы соңғы ойында Өзбекстанмен кездеседі.
Бұл турнир 2001 жылдан бері пандемияға дейін жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы жүлде қоры ерлер мен әйелдер үшін 5 мың АҚШ доллары.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық![](/img/news/59ff502632a4540980551eace1acc0ed.jpg)
![](/img/news/2dc491e1ad5057be893521703f937748.jpg)
Ұлттық құрама іріктеу турнирінде 5-орынға тұрақтады
![](/img/news/ab567d578d4bc8ca3c61c8b8b32ab978.jpg)
Регбишілер алғашқы турда 5-орын алды