24.06.2026 | 14:13

13 ЖЫЛДАН КЕЙІН СЕМСЕРЛЕСУДЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ

Семсерлесуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан сары құрлық додасының шешуші күнінде сапы сайысынан әйелдер арасындағы командалық жарыстың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Владислава Андреева, Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкинадан құралған командамыз қола жүлде үшін таласта Сингапур құрамасынан 42:39 есебімен басым түсті

Айта кетейік, бұған дейін сапы жаттығуынан 2013 жылы ғана аруларымыз қола жүлде еншілеген. Жарыс барысында отандастарымыз 1/8 финалда Таиландты 45:22 есебімен жеңіп, ширек финалда Жапонияны 45:42 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда Оңтүстік Кореяға жол берген.

Бұған дейін Азия чемпионатында сапы сайысынан командалық сайыстан ерлер құрамасы, әйелдер арасынан Ирина Бакалдина алтын жүлде, Руслан Курбанов қола жүлде және қылыш сайысында ерлер құрамасы қола жүлде иеленген. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес