10.06.2022 | invalid
Бөлісу:
17 жылдан кейінгі жүлде. Артем Саркисян – Азия чемпионатының қола жүлдегері
Оңтүстік Корея астанасы Сеулде семсерлесу мен қылыштасудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Енді 15 маусымға дейін құрлықтағы 20 елдің спортшылары өзара кім мықтыны анықтайды.
Чемпионаттың алғашқы күні қылыштасу бәсекесінде отандасымыз Артем Саркисян қола медаль жеңіп алды. Айта кетейік, біздің спортшылар бұл бағдарламада жекелей сында осыдан 17 жыл бұрынғы құрлық додасында жүлде алған. Сол 2005 жылы Малайзияда өткен чемпионатта Игорь Цель үздік үштікті түйіндеді.
Жалпы Сеуле ерлер арасында барлығы 62 спортшы қылышасты. Артем іріктеуде 3 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 1/64-ке жолдама алды. Сосын 1/32 айналымда ирандық Әли Пакдаманды 15-9 есебімен ұтты. Үздік сегіздікке өту үшін қытайлық Сяо Линнен басым түсті. Бұл кездесудің есебі: 15-14. Келесі кезеңде қарсыласын дәл солай жеңіп (15-14), үздік 4 атлеттің қатарына қосылды. Жартылай финалда алаң иесі Ку Бон Гильге 10-15 есебімен есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Өзге қазақстандықтардың нәтижесі: Назарбай Саттархан 9-орын, Мұхамедәли Рахманәлі 22-орын.
Ал семсерлесуден әйелдер арасында 44 спортшы сынға түсті. Қазақстандықтардың көрсеткіші: София Николайчук 8-орын, Владислава Андреева 18-орын.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықСЕМСЕРЛЕСУ: ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
«МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ» ЖОБАСЫ: СЕМСЕРЛЕСУДЕ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚ БАР?