Басты бет > Жаңалықтар
Көкпардан XIV Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының финалы мен марапаттау рәсімі болып өтті.
04.11.2020

Бүгін Шымкент қаласында өтіп жатқан Көкпардан – XIV, Аударыспақтан – XIV, Теңге ілуден – XIV, Жамбы атудан – VI Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының финалы мен марапаттау рәсімі болып өтті.



Жастар арасындағы көкпардың финалында Түркістан облысының «Құлагер» жастар командасы Жамбыл облысынан келген «Әулиеата» жастарын 6-2 есебімен жеңіп Қазақстан чемпиондары атанды. 3-ші орынға Алматы қаласының жастары ие болды.

Жарыстың жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» директоры Әлібек Нұртаев пен ҚР Көкпар Федерациясының Президенті Мұхтар Имашев сөз сөйлеп жарыс жеңімпаздарының марапаттау салатанатын жүргізді. Әлібек Нұрбайұлы әлемде болып жатқан пандемия жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып чемпионатты өткізуге атсалысқан Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды мырзаға президенті Бекболат Тілеухан мыразға, Көкпар Федерациясының президенті Мұхтар Имашевқа алғыс айтып сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, Түркістан облысы Спорт басқармасы мен Ұлттық спорт түрлері Федерациясына өзінің және Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және Денешынықтыру істері комитеті атынан рахметін айтты.



Жарыс жеңімпаздарына түрлі ақшалай сыйлықтар мен медальдар табысталды. Сондай-ақ көкпар жарысында 4 номинация бойынша Көкпар Федерациясының президенті Мұхтар Имашевтың сыйлығы табысталды. «Үздік ойыншы» - Шәкір Бекзат (Жамбыл облысы), «Үздік қорғаушы» - Сейтжан Темірлан (Жамбыл облысы), «Үздік салымшы» - Сабыр Бақдәулет (Түркістан облысы), «Үздік жекпе-жек аты» - Намыскөк атанды.