Басты бет > Жаңалықтар
Асық атудан Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті
10.11.2020

6-9 қараша күндері Асық атудан Ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Бұл жолғы чемпионаттың ерекшелігі коронавирус пандемиясы жағдайында толықтай онлайн түрде өткізілуі.

Әйелдер арасындағы сынға еліміздің 9 аймағынан 33 спортшы қатысып, Қостанай облысының спортшылары 1-ші орынға ие болды. 2-3 орындарды Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы өзара бөлісті.

Ерлер арасындағы жарысқа еліміздің 12 аймағынан 39 спортшы қатысып, 1-ші орын Нұр-Сұлтан қаласы спортшыларының еншісіне тиді. 2-ші орынға Түркістан облысы ие болса, 3-ші орынды Ақмола облысы ие болды.