Басты бет > Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тоғызқұмалақтан ашық республикалық бұқаралық онлайн турнирі өтті
29.11.2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тоғызқұмалақтан ашық республикалық бұқаралық онлайн турнирі 2020 жылғы 29 қарашада www.playok.com сайтының тоғызқұмалақ алаңында Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша 17:00-21:00 аралығында өткізілді. Жарысқа Қазақстанның 17 аймағынан 375 спортшы қатысты. 11 турда жарысқа қатысушылар кім мықтыны анықтады.



Тартысты өткен бәсекенің қорытындысы бойынша 1-орынды Ринат Керейбаев (Павлодар облысы) иеленсе, 2-орынға Алматы қаласынан Рахат Айтбаев лайықты болды. 3-орынды қостанайлық Арман Какашов пен Ақтөбе облысынан Медет Хусаинов өзара бөлісті.