Басты бет > Жаңалықтар
"Қазақстан мақтанышы" спорт-ревюі өтті
12.03.2021

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –  Елбасы кітапханасында даңқты қазақстандық спортшылар, түрлі спорт ұйымдары, астананың спорт мектебінде тәрбиеленуші жеткіншектер мен Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының қатысуымен «Қазақстан мақтанышы» спорт-ревюі өтті.
Жиын аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат пен ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев құжатқа қол қойды.
Одан кейін Олимпиада чемпиондары мен Қазақстанның атақты спортшыларының жеке заттарын Елбасы кітапханасының музейіне сыйға тарту рәсімі өтті.

Серік Сәпиев 2009 жылғы әлем чемпионатына киіп барған формасын сыйға тартты. Юрий Мельниченко іс-шара ұйымдастырушыларына спорттағы мансабындағы жеңіп алған көптеген кубоктарының бірін сый етті. Әлия Юсупова халықаралық турнирден мүсіншені, атаулы медаль мен таяқшасы бар лентаны табыс етті. Илья Ильин мұражай коллекциясын 2014 жылғы Алтын медальмен толықтырды. Данияр Елеусінов музейге өзінің алтын бокс қолғабын тапсырды. Гүзел Манюрова жеңісті трикосын берді. Бейбіт Ыстыбаев 2015 жылы Елбасының өзі тапсырған белбеуді тапсырды. Мөлдір Мекенбаева 2019 жылы Моңғолияда өткен Азия чемпионатының медальдарын тарту етті. Дархан Нортаев Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығының атынан Әлем чемпионатының Кубогын тапсырды. Сонымен қатар, іс-шараға байк және басқа да олжаларын Елбасы кітапханасына ұсынған Қазақстан байкерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Петрухин де қатысты.



Спорт-ревю барысында спортшылар тапсырған жеке заттар мен мұрағат материалдары Елбасы кітапханасының экспозицияларынан лайықты орын тауып, жұртшылықтың игілігіне айналады.