Басты бет > Жаңалықтар
Юрий Васильевич Мельниченкомен кездесу өтті
04.03.2021

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ұлттық музейі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бірлескен «Спорт батырлары» жобасы аясында грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Юрий Васильевич Мельниченкомен кездесу және жеке құнды заттарын ҚР Ұлттық музей қорына салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Іс-шараға ҚР Ұллтық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Сапиев Серік Жұманғалиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» директорының орынбасары Корбозов Еркеғали Дәулетханұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Спортты дамыту дирекциясының» спорттық шараларды өткізу және ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Есипов Владислав Владимирович, Күштік спорт түрлері бойынша төрт дүркін әлем рекордшысы, Гиннесс кітабының рекордшысы және алты мәрте Қазақстан рекордшысы, елімізге танымал палуан Цырульников Сергей Валерьевич қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Жиын барысында Олимпиада чемпионы спорт мектептері оқушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, болашақ чемпиондарға жеңіске жету жолында аяңбай еңбек ету керек екенін жеткізді. Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, танымал спортшының қолтаңбасын алды.
Жиын соңында, Олимпиада чемпионы ҚР Ұлттық музей қорына VII Қысқы Азия ойындары Алау эстафетасы алаугерінің сертификатын, Алау тұғырын және арнайы алтын медалін сыйға тартты.