Басты бет > Жаңалықтар
2021 жылдың 4-11 қыркүйек аралығында Ресейдің Қазан қаласында ТМД ойындары өтеді.
08.08.2021

2021 жылдың 4-11 қыркүйек аралығында Ресейдің Қазан қаласында ТМД ойындары өтеді.
ТМД ойындарында 11 елдің спортшылары 21 спорттың түрі бойынша бақ сынайды.

Айта кетерлігі, ТМД ойындары бастапқыда тамыз айында өтуі тиіс еді.
Ұйымдастырушылар кейін жарыс уақытын күзге ауыстырды.
ТМД ойындарына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей құрамалары қатысады.

Жарысқа 400 -ден астам төрешілер мен 1000 -нан астам еріктілер жұмылдырылған.
Спорттың 21 түрінен, атап айтқанда, бадминтон, баскетбол (3х3), бокс, белбеу және кураш, су добы, жағажай волейболы, еркін және грек-рим күресі, гір тасын көтеру, дзюдо, каратэ, мас-рестлинг, үстел теннисі, жүзу, самбо, тай бокс, би спорты, семсерлесу, футзал, көркем гимнастика және шахмат бойынша медальдар сарапқа салынады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!