Басты бет > Жаңалықтар
Дәурен Абаев: «Бибісара-ел мақтанышы!»
04.02.2022

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлем шахматы тарихындағы ең жас әлем чемпионы Бибісара Асаубаевамен кездесті.

Кездесу барысында министр Бибісара Асаубаеваны құттықтай келе, анасы Лиана Таңжарықоваға алғысын білдіріп, «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады.

«Бибісара – ел мақтанышы. Бүкіл әлем көз тіккен беделді турнирдегі Бибісара Асаубаеваның жарқын жеңісі, еліміздегі шахмат тарихында алтын әріппен жазылатын болады. Осы орайда Бибісараның ата-анасына, жаттықтырушыларына ерекше алғыс білдіргім келеді. Бибісара Асаубаеваның айтулы жеңісі өселең ұрпақтың шахмат спортына деген қызығушылығын арттырып, ынталандыратыны сөзсіз», - деп атап өтті Мәдениет және спорт министрі.