Басты бет > Жаңалықтар
Әлем чемпионаты: Алуа Балқыбекова қарсыласын сенімді ұтты
11.05.2022

Бүгін Ыстанбұл қаласындағы Әлем чемпионатында тағы бір отандасымыз келесі кезеңге жолдама алды. Алуа Балқыбекова (48 кг дейін) канадалық Приянка Диллонға еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Үш раундта да қазақстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті.

Айта кетейік, кеше рингке шыққан Валентина Хальзова (70 кг дейін) кениялық боксшыны 1-раундта нокдаунға түсіріп, мерзімінен бұрын жеңген.