Басты бет > Жаңалықтар
Римма Волосенко үшін Әлем чемпионаты аяқталды
12.05.2022

Санаулы сәттер бұрын Ыстанбұл шаршы алаңында Қазақстан құрамасының төртінші боксшысы қарсыласына жол берді. Римма Волосенко мен ағылшын Шона Уайтвелл жекпе-жегі кейінгісінің пайдасына шешілді.

Айта кетейік, осыған дейін Назым Қызайбай (50 кг), Аида Әбікеева (63 кг) мен Надежда Рябец (75 кг) қарсыласқа жол берген. 

Енді кешкі сессияда тағы бір боксшымыз Нариға Шәкімова өзбекстандық Навбохор Хамидовамен (66 кг) жұдырықтасады.