Басты бет > Жаңалықтар
Маутинбайк: Түркиядағы турнирде қазақстандықтар сәтті өнер көрсетті
12.05.2022

Бүгін Түркияның Кайсери қаласында маутинбайктан (таулы жердегі велоспорт) Мимар Синан Кубогы өтті. Спортшылар елді-мекендер арасындағы күрделі қиылыстарды бағындырды.

UCI күнтізбесіне кіретін бәсекеде қазақстандық велоспортшылар елеулі нәтижеге қол жеткізді. Ерлер арасында Денис Сергиенко 2-ші, Егор Карасев 3-орын алды. Сондай-ақ Темірлан Мұхамедиянов 4-ші болып мәре сызығын қиды. Ал қыздар арасында Алина Сарқұлова ешкімде дес бермей, жеңіске жетті. Назарларыңызға осы жарыстың суреттерін ұсынамыз.