Басты бет > Жаңалықтар
Алан Құрманғалиев Польшадағы турнирдің чемпионы атанды
23.05.2022

Алан Құрманғалиев Польшаның Владыславово қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде 15 жасқа дейінгілер арасында жеңіске жетті.

Ол іріктеуде Диербек Кенжаев (Өзбекстан), Марсель Блашчик (Польша), Патрик Шабвонек (Польша), Флавио Мурье (Франция), жартылай финалда Сынсу Лиді (Оңт. Корея), финалда Антуан Нуароны (Франция) ұтты.

Сәл ертеректе Алан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күміс жүлдегер атанған еді. Қазақстандық теннисші Джузеппе Каларко (Италия), Егор Ларков (Литва), Петр Гавлас (Польша), Рохелио Кастро (Мексика), Ли Хо Юн (Оңт. Корея), Натан Ламнан (Франция) айласын асырғанымен, финалда оңтүстік кореялық О Чжун Суннан жеңілді.