Басты бет > Жаңалықтар
Жеңіл атлетика: Георгий Шейко мәреге 35-ші болып келді
25.07.2022

Бүгін АҚШ-тың Юджин қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының соңғы жарыс күні. Таңертең 35 шақырымға спорттық жүрістен ерлер кім мықтыны анықтады. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған Георгий Шейко мәреге 35-ші болып жетті. Оның уақыт көрсеткіші: 2:39:47.

Бәсекеде Токио Олимпиадасының жеңімпазы (20 км), итальян Массимо Стано қарсылас шақ келтірген жоқ. Ал жапон Масатора Кавано 2-ші, швед Персеус Карлстрём 3-орыннан көрінді.