Басты бет > Жаңалықтар
Елімізде стенд атудан X Азия чемпионаты өтеді
26.07.2022

28 шілде мен 8 тамыз аралығында Алматы облысында Александр Асанов атындағы клубында Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) рейтингтік Гран-Приі мен стенд атудан X Азия чемпионаты өтеді.

Сары құрлық бәсекесіне 20-дан астам елдің 300-ге жуық мергені жиналады. Бұл чемпионат елімізбен қатар өзге мемлекеттерде нысана көздеу спортын дамытуға, спортшылардың шеберлігін арттыруға және рейтингін анықтауға, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Чемпионат кезінде спорт нысанында барлық санитария талабы қатаң сақталады.

Александр Асанов атындағы клубта осыған дейін мынадай ірі жарыстар өткен:

  • 2009, 2013, 2015, 2019 жылғы Азия чемпионаты;
  • 2014 жылы стенд атудан Әлем Кубогының (ISSF) кезеңі;
  • 2021 жылы жасөспірімдер арасында ISSF Әлем Кубогы;

Жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткендер: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі; ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті, Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдігі; Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» АҚ мен Sport Qory қолдау қоры.