Басты бет > Жаңалықтар
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Challenge Cup-қа қатысады
26.07.2022

27-31 шілде аралығында Хорватия мен Оңтүстік Кореяда волейболдан ерлер мен әйелдер арасында Challenge Cup өтеді.

Биылдан бастап жаңа ереже бойынша 8 командадан сынға түсіп, жеңіске жеткені келесі жылы өтетін Ұлттар лигасында өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Азия құрлығының атынан бақ сынайтын Қазақстан әйелдер құрамасы ширек финалда жарыс қожайыны Хорватиямен ойнайды. Бұл кездесуде жеңіске жеткен ел Пуэрто-Рико мен Камерун арасындағы жеңімпазбен финал жолдамасын сарапқа салады.

Хорватияда сынға түсетін 8 құраманың әлем рейтингі бойынша жағдайы: А1 – Хорватия, А2 – Бельгия, А3 – Колумбия, А4 – Пуэрто-Рико, А5 – Камерун, А6 – Франция, А7 – Чехия, А8 – Қазақстан.

Қазақстан – Хорватия матчы елорда уақытымен 30 шілдеде сағат 02:00-де басталады. Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда тура осылай 8 құрама жалғыз жолдамаға таласады.