Басты бет > Жаңалықтар
Шинкиокушинкай каратеден Әлем чемпионатына аттанатын Қазақстан құрамасы анықталды
21.09.2022

24-25 қыркүйекте Польшаның Кельце қаласында шинкиокушинкай каратеден (WKO) ерлер мен әйелдер арасында салмақ бойынша VII әлем чемпионаты өтеді. Бұл сында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы:

Ажар Ақылова (60 кг жоғары салмақта), Иоанна Белых (60 кг дейін), Дана Абдурайымова (55 кг дейін), Анна Тарнавская (50 кг дейін), Рустам Авзалов (85 кг артық), Шыңғысхан Ыбраев (85 кг дейін), Антон Зимарев (75 кг дейін), Ильгиз Қаныбеков (65 кг дейін), Еламан Мұқашев (65 кг дейін), Илья Яковлев (аса ауыр салмақ), Еркебұлан Бейсембаев пен Владимир Артюшин.

Сондай-ақ бұл чемпионатта киокушинкай-кан каратеден де үздіктер анықталады. Ұлттық құрама атынан Әлішер Кәрменов, Никита Гарас татамиге шығады.