Басты бет > Жаңалықтар
Мария Федотова – Азия чемпионатының қола жүлдегері
22.09.2022

Мария Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан суда жүзуден Азия чемпионатында 5 шақырымға жарыста мәреге үшінші болып келді. Алтынды жапониялық спортшы жеңіп алса, Гонконг жүзгіші күміске қол жеткізді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Диана Тасжанова 5-сатыға тұрақтаса, Ирина Архипова 7-ші болып мәреге жетті. Ерлер арасында Виталий Худяков бесінші, Ғалымжан Балабек алтыншы, Лев Черепанов 7-орын алды.