24.09.2023 | 11:50
Бөлісу:
Абиба Әбужақынова Азиаданың финалында күреседі
Дзюдошы Абиба Әбужақынова (48 кг дейінгі салмақ) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз жартылай финалда Оңтүстік кореялық Ли Хек Енгті жеңді. Сәл ертеректе Әбиба алғашқы белдесуінде Филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея палуанын ұтқан.
Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 кг) жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимге (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін күресетін палуанды күтеді.
Сонымен қатар сағат 16:00-де тағы бір отандасымыз Ғалия Тынбаева (52 кг) қола медаль үшін таласады. Ғалия ширек финалда Моңғолия дзюдошысына есе жібергенімен, жұбаныш белдсуінде Ахлия Муминовадан (Тәжікстан) айласын асырды.
Ал Ұлттық құрама спортшысы Ғұсман Қырғызбаев 1/8 айналымда Ливан палуанын жеңген. Алайда келесі кездесуде Тәжікстан спортшысының мықты екенін мойындады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ
АҚТӨБЕДЕ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ