02.05.2025 | 17:29

АБИБА АБУЖАҚЫНОВА – ДУШАНБЕДЕГІ ҮЛКЕН ДУЛЫҒА ЖАРЫСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Душанбе қаласында (Тәжікстан) өтіп жатқан Үлкен дулыға турнирінде Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасында 48 кг дейінгі салмақтағы Абиба Абужақынова қола жүлде иеленді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде отандасымыз өзбекстандық Улбусин Хакимованы тізе бүктірді.

Айта кетейік, бұл – Абибаның Үлкен дулыға санатындағы жарыстарда жеңіп алған тоғызыншы медалі. Оның біреуі күміс, қалғаны қола жүлде.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес