06.10.2022 | invalid

Әбиба Абужақынова мен Елдос Сметов қазақ дзюдосына өз есімін алтын әріппен жазды

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі жүлде түсті. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта күрескен Елдос Сметов өзбекстандық Дилшодбек Баратовтан, әйелдер арасында 48 келіде сынға түскен Әбиба Абужақынова голден-скорда чилилік Мэри ди Варгастан айласын асырып, қола медаль жеңіп алды.

Елдос іріктеуде әзірбайжандық Карамат Гусейнов пен Матан Коколаевты (Израиль) жеңгенімен, ширек финалда Ян Юнвэйге (Тайпэй) есе жіберді. Сосын испан Франсиско Гарригосты жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Ал Әбиба бразилиялық Аманда Лиманы, сосын әлем рейтингінің көшбасшысы француз Ширин Буклиді, ширек финалда серб Милица Николичті жеңді. Алайда жартылай финалда жапон Нацуми Цунододан ұтылып қалды.

Чемпионаттың алғашқы күні сынға түскен тағы бір қазақстандық Мағжан Шамшадин (60 кг дейін) құрдасы Анджело Пантанодан жеңіліп қалды. Итальян дзюдошысы 40 секунд қалғанда вазари жасап, жеңісті жұлып әкетті.

Айта кетейік, бүгін ерлер арасында 42 дзюдошы, әйелдер арасында 38 дзюдошы бақ сынады.

Тарихи сәт

Әбиба Абужақынова – қазақ қыздары арасынан Әлем чемпионатында медаль алған тұңғыш спортшы. сонымен қатар ол осы салмақтағы жүлделі жолды лайықты жалғады. Осыған дейін 2017-2018 жылғы Әлем чемпионатында отандасымыз Отгонцэцэг Галбадрах үздік үштікті түйіндеген.

Бұл Елдос Сметовтің Әлем чемпионатындағы 3 медалі. Ол енді қазақ дзюдосы тарихындағы ең олжалы адам. Тараздық татами шебері 2015 жылы Астанадағы бәсекеде чемпион атанса, 2019 жылы Токиода қолаға қол созған-ды. Сондай-ақ, Елдос – екі Олимпиадада тұғыр биігіне көтерілген тұңғыш қазақстандық дзюдошы. Есіңізді болса, 30 жастағы атлет 2016 жылы Риода күміс, былтыр Токиода қола жеңіп алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес