10.05.2025 | 18:51

АБЫЛАЙХАН ЖҰБАНАЗАР QAZAQSTAN BARYSY БӘСЕКЕСІНДЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Бүгін Ұлттық құрама дзюдошысы Абылайхан Жұбаназар Астанада өтіп жатқан Үлкен Дулыға санатындағы Qazaqstan Barysy жарысында тұғырдың үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз кіші финалда Мануэль Парлатиді (Италия) 29 секундта жеңіп, команда қоржынына алтыншы жүлдені салды. Еске сала кетейік, алғашқы жарыс күні Ғұсман Қырғызбаев пен Талғат Орынбасар күміс жүлдегер атанса, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин қола медаль еншіледі. Бүгін жүлдегерлер қатарына екі қоламен Есет Қуанов пен Абылайхан Жұбаназар қосылды.

Фото: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес