09.01.2023 | invalid

Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Диас Жиренбаев. Универсиадада тағы кімнен жүлде күтеміз?

12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында XXX қысқы Универсиада өтеді. Он күн ішінде 12 спорт түрінен 86 жүлде жиынтығы өз иесін табады. Барлығы 50 елден 1 443 атлет (832 ер, 611 əйел). Бұған дейін ешқандай Универсиадада мұнша медаль сарапқа салынбаған. Байрақты бəсекеде ел намысын 78 спортшымыз қорғайды. Ең көп атлет (14 адам) шаңғы жарысында аттанды. Делегация құрамында бас бапкер Нұрберген Жұмағазиев бастаған 12 шорт-трекшіден көп үміт күтеміз.

Биатлон - 9 спортшы.

Мəнерлеп сырғанау мен конькимен жүгіруден 6 спортшыдан.

Сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру мен қоссайыстан 2 адамнан.

Шайбалы хоккейден Ұлттық құрама сапында 21 студентіміз бар.

АҚШ-тағы Универсиаданы Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Лейк-Плэсид қаласы осымен 2-рет қысқы Универсиаданы қабылдамақ. Бұған дейін 1972 жылы әлем студенттерінің басын қосқан.

Алдыңғы нәтиже қандай?

Алдыңғы, 2019 жылғы Красноярскте (Ресей) өткен Универсиадада Қазақстан 8 медальмен (4 күміс, 4 қола) жалпы есепте 17-орыннан көрінген. Ал қазақстандық студенттердің мықты нәтижесі 2017 жылы Алматыдағы бәсекеде тіркелді. Өз еліміздегі додада 11 алтын, 8 күміс пен 17 қола (барлығы 36) медальмен Ресейден кейінгі 2-орынға тұрақтаған. 2015 жылы Испанияның Гранада және Словакияның Штрбске-Плесо қаласы қабылдаған XXVII қысқы мультиспорт бәсекесі Ұлттық құрама үшін жақсы аяқталды. Он күнде 5 алтын мен 6 күмісті еншілеген біздің делегация жалпы есепте 3-орынға ие болды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес