02.10.2024 | 14:02
Бөлісу:
ӘДІЛ ҒАЛИАХМЕТОВ ПЕН ОЛЬГА ТИХОНОВА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Астана қаласында басталған шорт-тректен Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
1500 метр (әйелдер):
1. Ольга Тихонова (Ақмола облысы)
2. Малика Ермек (Астана қаласы)
3. Алина Ажғалиева (БҚО)
1500 метр (ерлер):
1. Әділ Ғалиахметов (Астана қаласы)
2. Денис Никиша (Ақмола облысы)
3. Глеб Ивченко (Қостанай облысы)
Енді ертең шорт-трекшілер 500 метрге жарыста үздіктерді анықтайды. Қазақстан чемпионатында еліміздің 10 облысынан келген 117 спортшы бақ сынап жатыр. Жаттықтырушылар штабы осы чемпионаттың қорытындысы бойынша 2024/2025 қысқы маусымға екі құрама жасақтауды жоспарлап отыр.
Биыл команда World Tour сериясының жарыстарында, сонымен қатар 4 құрлық чемпионаты, дүниежүзілік Универсиада, қысқы Азия ойындары және әлем чемпионаты секілді маңызды додаларда бақ сынамақ.
Чемпионат «Алау» мұз сарайының жөндеуге жабылуына байланысты «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Алғашқы әлемдік дода 25-27 қазанға жоспарланған. Канаданың Монреаль қаласы World Tour сериясындағы жарыстар сериясын бастап береді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕНИС НИКИША: «ЕРТЕҢГІ ЖАРЫС МЕН ҮШІН ОДАН ДА МАҢЫЗДЫ»