![](/img/news/4db455717df43785a8720c6825733243.jpg)
19.04.2024 | 03:12
Бөлісу:
Аида Бауыржанова тағы бір финалға шықты
Бүгін спорттық гимнастикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Әлем Кубогының шешуші кезеңінде тағы 2 спортшымыз өнер көрсетіп, біреуі финалға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Еркін жаттығуда сынға түскен Аида Бауыржанова 12.800 ұпай жинап, 6-орынмен финалға өтті. Ал Дарья Ясинская үздік 8 спортшының қатарына кіре алмады.
Бөрене жаттығуында Дарья Ясинская 22-орынға (11.833) тұрақтаса, Аида Бауыржанова 25-орынмен (11.633) жарысты аяқтады.
Айта кетейік, кеше тіреніп секіру жаттығуында Аида ақтық сынға шыққан.
Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық![](/img/news/36b74c707e5cc116bf1285e1bea4d43f.jpg)
Әлем Кубогында жастарға мүмкіндік берілді
![](/img/news/9d2ab482061d6e56a9ac1af0a0a8465d.jpg)
![](/img/news/280460116efe5629285f0a265869827d.jpg)
Ұлттық құраманың 4 гимнасты финалда
![](/img/news/8858d01d991dc5995352edb91a30e6d5.jpg)
Гимнастарымыз лицензияға таласады