20.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Акробаттар Өзбекстандағы турнирде сәтті өнер көрсетті
Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте Николай Лакизаны еске алуға арналған спорттық акробатикадан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды kazsports.kz.
Финалда Ұлттық құрама спортшылары 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.
Ерлерден Назар Жантасов пен Айсұлтан Сағынбек жұбы, қыздардан Валерия Муравкина мен Анжелика Бобошко жұбы өз бағдарламасында чемпион атанса, Алиса Котова мен Руслан Мелешко аралас дуэтте топ жарды. Сондай-ақ Адель Біржанова, Полина Кузнецова, Милана Бикбаева үштігі де алтыннан алқа тақты.
Ал Дмитрий Федькович пен Карина Чубченко аралас бағдарламада отандастарына жол беріп, күміс жүлдеге ие болды. Руслан Әубәкіров/Злата Богунова және Илларион Мацымоха/Полина Оленьчук аралас санатта үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, 18 қазанда басталған турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Германия мен Ресейдің 100-ден астам үздік гимнасты 3 жас санатына бөлініп, өзара шеберлік байқасты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: