27.09.2024 | 07:58

АЛАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВ САУД АРАБИЯСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Сауд Арабиясының Даммам қаласында аяқталған үстел теннисінен халықаралық турнирде Алан Құрманғалиев қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз «WTT Youth Contender 2024» жарысында 19 жасқа дейінгі санатта сынға түсті. Алан әуелі жарыс қожайыны Муртадх Әбу Абдулланы, Абдулал Әлхамис, Әли Әлтахерді жеңді. Осыдан кейін үндістандық Сарт Мишрадан, Джаш Модидан, Анкур Бхаттачарджидан айласын асырды.

Айта кетейік, қазір 17 жастағы Ұлттық құрама спортшысын Эльмира Алиева жаттықтырады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес