19.08.2023 | 18:52

Александр Ещенко әлем чемпионатында 7-орын алды

Бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында стенд атудан ерлер арасындағы жекелей сындағы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Скит бағдарламасында отандасымыз Александр Ещенко іріктеуде 123 ұпай жинап, 7-орыннан көрінді. Ол финалға соңығ болып, яғни 6-орынмен шыққан Йеспер Хансенмен ұпай саны жағынан тең түскен. Алайда даниялық мерген кешегі айналымдарда барлық (25) нысананы дәл көздеп, ал Александр бір реттен мүлт кеткендіктен (24 ұпайдан) жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Александр Ещенко мен Йеспер Хансеннің көрсеткішіне шолу:

6. Хансен: 25+25+24+24+25=123

7. Ещенко: 24+24+25+25+25=123

Ал Ұлттық құрама көшбасшысы Александр Ещенко бүгінгі іріктеу кезеңінде кешегі қарқынын сақтап қала алмады. Ол жалпы есепте 121 ұпаймен 31-сатыға сырғып қалды. Көрсеткіші: 24+25+24+24+24=121.

Тағы бір қазақстандық Давид Почивалов 118 балл жинап, 66-шы орында қалды. Көрсеткіші: 25+21+24+23+25=118.

Осылайша, ерлер құрамасындағы әр спортшының нәтижесін қоса есептегенде Қазақстан командалық сында 5-ші болды. Скит бағдарламасында барлығы 125 спортшы іріктеуге қатысқанын айта кетейік.

Ақтық сында грекиялық Митас Эфтимиос топ жарса, финляндиялық Ээту Каллиойнен күміс, мысырлық Азми Мехельба қола жүлдеге қол жеткізді.

Енді ертең скит бағдарламасында аралас командалық сайыстағы үздіктер беллігі болады.

Жалпы Әзербайжан астанасындағы дода 1 қыркүйекте мәресіне жетеді. Қазір 101 мемлекеттен келген 1250 мерген бақ сынап жатыр. Байрақты бәсеке кезінде келесі жылы Францияның бас қаласы қабылдайтын Олимпиаданың 48 жолдамасы сарапқа салынады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес