08.04.2024 | 12:42

Александр Недовесов Португалиядағы турнирде топ жарды

Үлкен теннистен Португалияда өткен АТР-250 санатындағы Millennium Estoril Open турнирінде Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар (Эквадор) жұптық бәсекеде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Олар финалда Садио Лумбия мен Фабьен Ребульді 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Александр мен Гонсало Эскобар бірге ойнап, бірқатар турнирде жеңіске жетіп үлгерді. Олар ATP 250 жарыстарында 6 рет финалға шыққан (3 жеңіс, 3 күміс).

Осы турнирдің нәтижесінде Александр жұптық рейтингте 39-орынға көтерілді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес